Президент бірден әрі жүйесіз жасалған саяси либерализация ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыратынын атап өтті.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы жолдауында саяси реформалар жайында сөз қозғады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Мен саяси трансформацияны іске асыруға уәде берген болатынмын. Біз оны мемлекет пен халықтың мүддесіне қарай біртіндеп атқарамыз. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, бірден әрі жүйесіз жасалған саяси либерализация ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына әкеліп соқтырады. Тіпті, мемлекеттілікті жоғалтып алу қаупі бар", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Президенттің айтуынша, саяси реформалар кезең-кезеңмен іске асырылады. Соның нәтижесінде халықты тыңдай білетін әрі еститін мемлекет құру қажет.
"Біздің фундаменталды ұстанымымыз бір, табысты экономикалық реформаларды еліміздің саяси-қоғамдық өмірін жаңғыртусыз іске асыру мүмкін емес. Мықты президент, күшті парламент және есеп беретін үкімет. Бұл – әлі іске аспаған факт емес, нақты мақсат. Соған жылдам жетуіміз керек. Міне, саяси жүйенің осы формуласы тұрақтылықтың негізі болып саналды", - деп атап көрсетті Тоқаев.