Меморган басшылары бір көлікке жылына 6 млн теңгеден астам қаражат жұмсайды – Тоқаев

0
2 427

Мемлекет басшысы Үкіметке тапсырма берді.


Меморган басшылары бір көлікке жылына 6 млн теңгеден астам қаражат жұмсайды – Тоқаев

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік автопаркті ұстауға жыл сайын бөлінетін соманы атады. Мемлекет басшысының айтуынша, орталық мемлекеттік орган басшыларына арналған автопаркті ұстауға жылына аса ірі сомада бюджет қаражаты жұмсалады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Мәселен, бір автомобильді ұстауға орташа есеппен жылына 6 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады», - дейді Президент.

Президент бірқатар елдерде жеке қызметтік көліктің орнына ақшалай өтемақы тәжірибесі енгізілгенін айтты.

«Мұндай тәсіл «Самұрық-Қазына» қорында сәтті сынақтан өтті. Бұл қызметтік автокөліктердің санын айтарлықтай қысқартуға және әкімшілік шығынды 1,5 млрд теңгеге азайтуға ықпал етті», - дейді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы бюджеттік процестің бір бөлігі ретінде сатып алудың «Бірыңғай терезесін» жасауды, Үкіметке Президент әкімшілігімен бірлесіп автокөлікпен қамтамасыз етудің жаңа схемасы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.