Қасым-Жомарт Тоқаевты президент ретінде сайлайық та, оған қолдау көрсетейік.
ERNUR.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтатуға қалай дайындалғанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Мен саналы шешім жасадым. Ондай шешімдер бір күнде қабылданбайды. Бір ай да аз. Мен осы шешімге бірнеше жыл дайындалдым. Құпиясын ашсам, үш жылдан астам уақыт дайындалдым. Бәрін жан-жақты зерделедім. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Серіктестерімнің кадрларына зер салдым. Осы уақытқа дейін бәрін тәрбиелеп, әрбіреуіне сенім арттым. Сөйтіп, осындай шешімге келдім. Осы шешім дұрыс деп білемін. Қасым-Жомарт Тоқаевты президент ретінде сайлайық та, оған қолдау көрсетейік. Мен осы уақытқа дейін халықтың сенімін ақтасам, мен - бақытты адаммын, бақытты саясаткермін», - деді Н.Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде.
Айта кетейік, бүгін Елбасы «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдауға қатысты тапсырмалар берді.