«Мені әнші еткен – халық»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді

0
462

​Қайрат Нұртастың анасы өзінің әнші емес екенін, тек жұрттың өтінішімен ән айтатынын қозғап өтті.


«Мені әнші еткен – халық»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді

ERNUR.KZ. Әнші Шаһизада жеке парақшасына Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбековамен бірге ән айтқан видеосын жариялаған еді. Алайда тыңдармандар Қайрат Нұртастың анасының ән айта алмайтынын жазды. Осыдан кейін Гүлзира Айдарбекова өзінің ән айтып, сахнаға шығу себебін түсіндірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайрат Нұртастың анасы өзінің әнші емес екенін, тек жұрттың өтінішімен ән айтатынын қозғап өтті.

«Шәкеңнің сахнада жүргеніне 40 жыл толды емес пе?! Мен мүлде әнші емеспін. Мені әнші еткен – халық. «Қызымды ұзатып бер», «Ұлым мен келінімді кіргізіп бер», «Аға екеуіңіз той алдында әннен шашу шашсаңыздар», «Жолдарыңызды берсін» деп өтініш жасайтын жандар көп. Көңілдерін қимай, келісеміз. Қуаныштарына ортақ боламыз», – деді Гүлзира Үсенқызы.

Ол өзінің жанына әншілік емес продюсерлік жақын екенін де ерекше айтып өтті.

«Өзіме продюсерлік жұмысым ұнайды. Сол жұмысым бәрінен жоғарырақ. Жалпақ тілмен айтсам, продюсер – зауыт, әнші – өнім. Продюсер мықты болса, әнші жоғалмайды. Жаңа түрлі жобалар жасайды. Спортшылардың да бапкері мықты болса, чемпион болады. Сол секілді дүние, – деп ақталды ол.