Микроқаржы ұйым клиенттерінің 2 миллионнан астам жеке дерегі тарап кеткені анықталды

0
666

Цифрлық даму министрлігі Қазақстандықтардың жеке деректері тараған дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр.


Микроқаржы ұйым клиенттерінің 2 миллионнан астам  жеке дерегі тарап кеткені анықталды

ERNUR.KZ. «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz («МҚҰ «ЖШС Робокеш.кз») микроқаржы ұйымының клиенттері болып табылатын қазақстандықтардың 2 млн. астам жеке деректерінің таралуын анықтады, деп жазады inform.kz.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, 36 миллионнан астам Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің жеке дерегі таралып кеткен. Оның ішінде - 23,6 миллионы Ресей Федерациясы азаматтары болса, 5 миллион филиппиндік, 2 миллион вьетнамдық азамат бар.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ таратылған деректерге талдау жүргізді, Цифрлық даму министрлігі клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша Азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолдайтын болады.

Цифрлық даму министрлігі Қазақстандықтардың жеке деректері тараған дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.