Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің тізбесі кеңейтілді

0
227

Бұйрық 2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.


Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің тізбесі кеңейтілді

Сурет: primeminister.kz

ERNUR.KZ. Еңбек министрі 2024 жылғы 25 қарашадағы бұйрықпен пайдасына жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлердің өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесіне толықтырулар енгізді, деп жазады zakon.kz.

Тау-кен массасын тасымалдаумен айналысатын автомобиль жүргізушісінің кәсібі зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарға жатқызылған, осыған байланысты қазір жұмыс берушілер мұндай қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті.

Бұл ретте аталған қызметкерлер жұмыс уақытының кемінде 80 пайызында осы жұмыспен айналысуға тиіс.

Тиісті толықтырулар МКЗЖ төлеу жүзеге асырылатын зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлердің өндірістері, жұмыстары, кәсіптері тізбесінің 6-тармағына енгізілді.


Бұл тармақта ашық тау-кен жұмыстары және кеніштердің, карьерлердің, гидравликалардың, драгтардың, жуу аспаптарының бетіндегі жұмыстар, шахталардың және дренаждық шахталардың бетіндегі жұмыстар туралы айтылады. Сонымен қатар, бұған шахталар, разрездер, карьерлер, кеніштер, драгтар, метрополитендер, туннельдер, жерасты каналдары және басқа да жерасты құрылыстарын салудың өндірістік алаңдарындағы жұмыстар, жерді қалпына келтіру, техникалық ұңғымаларды бұрғылау, жер асты өрттерінің, террикондар мен тау жыныстарының үйінділеріндегі өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша тау-кен жұмыстары және бұрғылау-жару жұмыстары кіреді.

Тізімге барлығы 100-ге жуық жұмысшы мамандықтары (атап айтқанда, олар бұрғылаушылар, тау-кен жұмысшылары, машинистер, электромонтерлер, қазушылар, забойшылар және т.б.) және учаскелердің қызметін бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін 10 қызметші мамандықтары кіреді.

Толық тізімді сілтеме арқылы көруге болады.

Бұйрық 2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.