Нұрбек Арыстан жанұя бақытын сақтау үшін түсіністік пен махаббатқа көңіл бөлу керектігін атап өтті.
Фото: bayzakova/Instagram
ERNUR.KZ. Белгілі блогер Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстан әлеуметтік желіде жұбайлар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты өз ойымен бөлісті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оның айтуынша, отбасында ұрыс-керістен аулақ болу қажет, әрқайсысы өз мінезін көрсетуге тырыспай, керісінше, бар уақытты махаббат пен мейірімге арнаған жөн.
«Ұрысқа уақыт кетірмей, бір-біріңді қуантатын, сүйіспеншілікке толы сәттерді көбірек өткізу керек. Жай ғана жақсы қарым-қатынас орнатып, бір-біріңе жылы сөз айтып, құшақтасып жүрген жақсы», – дейді Нұрбек.
Осылайша, Нұрбек Арыстан жанұя бақытын сақтау үшін түсіністік пен махаббатқа көңіл бөлу керектігін атап өтті.