Министр белгілі дзюдошының Қазақстан азаматтығынан бас тартқанына байланысты жауап берді

0
175

2025 жылдың 14 қаңтарындағы үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында дзюдошы қыздың бұл әрекеті жайлы түсіндірді.


Министр белгілі дзюдошының Қазақстан азаматтығынан бас тартқанына байланысты жауап берді

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов кезінде ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Галбадрах Отгонцэцэгтің Қазақстан азаматтығынан бас тартқаны жайлы пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

2025 жылдың 14 қаңтарындағы үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында дзюдошы қыздың бұл әрекеті жайлы түсіндірді.

"Галбадрах азаматтықтан бас тартқан жоқ. Оның біздің елмен келісімі аяқталды. Ол өзінің контрактын толық ақтады деп ойлаймын. Спорттық карьерасын аяқтаған соң, төрт жыл ұлттық құрама сапында консультант болып жұмыс жасағаны тағы бар", – деді министр.

Моңғол спортшысы Қазақстан төлқұжатын 2015 жылы иеленген еді. Сол кезден бастап ұлттық құрама сапында бес жылдан аса уақыт өнер көрсетті. Осы аралықта ол 2016 жылы Рио олимпиадасында еліміз үшін қола жүлдені иеленді. Және сол жылы Азия чемпионатының алтынын олжалады.

Ербол Мырзабосынов өз сөзінде: "дәл осы келісімнің арқасында елімізде мықты бәсекелестік орын алды.

Нәтижесінде Ақмарал Науатбек Қазақстан қоржынында паралимпиададан алтын жүлде алып келсе, 48 келі салмақта Ғалия Тынбаева секілді әлемге танымал спортшылар шыға бастады", – деді.