Қазір теңгенің бағамы 466 теңгеден төмен.
ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы девальвация туралы сұраққа жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.
"Теңге бағамы нығайғанын көріп отырмыз. Маған бұл сұрақ жыл басынан бері бірнеше рет қойылды. Теңге біресе әлсірейді, бірақ кейін қайта қалпына келеді. Қазір теңгенің бағамы 466 теңгеден төмен, бұл бюджетті нақтылау кезінде бізде қалыптасқан бағам", - деді Қуантыров.


