Министр: Сән-салтанат салығы қозғалтқыш көлемі емес, көліктің құнына қарай салынады

0
578

Осы орайда, ол бұл бағыттағы нақты мәліметтер 2023 жылы белгілі болатынын айтты.


Министр: Сән-салтанат салығы қозғалтқыш көлемі емес, көліктің құнына қарай салынады

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы қымбат автокөлік қозғалтқышының көлеміне емес, автомобиль құнына қарай салынатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

"Қозғалтқыштың көлеміне қатысты сән-салтанат салығын қарастырып отырған жоқпыз. Негізінде, бізде қазір қандай да бір түрде сән-салтанатқа салынатын салық бар. Қозғалтқыш көлемі үлкен болса, прогрессивті шкала ескерілген, яғни оның көлемі үш литрден асқанда, көлікке қатысты тиісті салық бар. Ал, сән-салтанат салығын енгізу аясында біз көлік құнына қараймыз. Мысалы, көлік құны 200 мың доллар болса, онда бастапқы жарна кезінде бір реттік төлем немесе жыл сайынғы төлем болуы мүмкін. Сондықтан, көлік қозғалтқышының көлеміне қарай есептеу болмайды деген ойдамын", - деді Ә. Қуантыров Сенат отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол бұл бағыттағы нақты мәліметтер 2023 жылы белгілі болатынын айтты.

«Сән-салтанат салығын талқылау енді ғана басталды. 2023 жылдың бірінші тоқсанында талқылаулардың негізгі кезеңі болады. Біз қазір дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін зерттеп жатырмыз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдан бастап сән-салтанат салығы туралы норма күшіне енеді.