Жақында Серік Сәпиев орынбасары Дәурен Есімханов төбелесіп қалған.
фото: Посольство России в Казахстане
ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қарағанды облыстық спорт басқармасының жұмысына баға берді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде әрбір басқарманың жұмысы облыстан шыққан спортшылардың жетістіктеріне қарай бағаланады.
"Біз спортты лицензиямен бағалаймыз ғой. Әр өңірдің спортшылары Олимпиадаға қанша лицензия алады, әлемдік деңгейдегі нәтижесі қандай, соған қараймыз. Мысалы, 2016 жылы Қарағанды облысы 11 лицензия берсе, кешегі 2024 жылғы Париж Олимпиадасында үш-ақ лицензияға ғана ие болған", - деді Мырзабосынов үкіметтегі брифингте.
Айта кетері, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы қызметіне Париж Олимпиадасынан кейін 2024 жылы қараша айында тағайындалған болатын.
Жақында ол орынбасары Дәурен Есімханов төбелесіп қалған. Бас кезінде екеуінің арасындағы мәселе жабылған сияқты болды. Бірақ артынан Сәпиев жанжалдың неден туындағанын ашық айтты.


