Министр Зүлфия Сүлейменова өзіне қандай күйеу жігіт ұнайтынын айтты

0
593

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.


Министр Зүлфия Сүлейменова өзіне қандай күйеу жігіт ұнайтынын айтты

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова отандық телеарнаға берген сұқбатында өзінің басы бос екендігін және болашақ жары әлі кездеспегенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан Ұлттық телеарнасына берген сұқбатында министр жеке өмірі мен талғамы турасында әңгімелеп берді. Ол өзінің әлі тұрмысқа шықпағанын айта келе, болашақ жарына қоятын талаптары туралы айтты.

"Менің басым бос, тұрмыс құрмағанмын. Жүрегімді жаулайтындай адам болса болды. Менің ойымша осы өмірде адам болып қалу маңызды. Өйткені өмірде неше түрлі жағдай болады. Қандай қиыншылықтар болмасын, осы қиыншылықтарды еңсеріп адам болып қалу керек. Білімі, материалдық жағдайы маңызды емес. Идеалды адам жоқ. Барлығымызда қателік жіберіміз, қайта қателігімізден қайта сабақ алатындай болайық", - деді министр Зүлфия Сүлейменова.

Айта кетсек, Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірді, 2014 жылы осы университетте халықаралық қатынастар магистрі атанды, 2016 жылы Жапониядағы Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD докторы дәрежесін қорғады.

2013-2014 жылдары Қазақстанның Жасыл экономика коалициясында сарапшы болып жұмыс істеді. 2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі болып қайта тағайындалды.