Министрлік "Светлый путь" бағдарламасына сенбеуге шақырды

0
69

Белгісіз адамдар deepfake технологиясы арқылы жалған ақпарат таратып жатыр.


Министрлік

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған "Светлый путь" бағдарламасы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Онда министрлік инфлюенсерлермен бірлесіп бағдарламаны іске қосқаны айтылған.
"Белгісіз адамдар deepfake технологиясын қолданып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Светлый путь" бағдарламасы іске қосылды деген жалған мәлімет жариялап жатыр. Бейнероликте бұл бағдарлама азаматтарға пайда табуға және олардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретіні айтылған", - дейді министрлік.
Deepfake технологиясы жасанды интеллект көмегімен фото, аудио немесе бейнематериалда бір адамның бет-бейнесін екінші адамның түріне ауыстырып, синтетикалық контент жасауға мүмкіндік береді.
"Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, тексерілмеген дереккөздерден келген бейне және аудиожазбаларға сенбеуіңізді, оларды таратпауыңызды, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз. Бұл жеке деректеріңіздің алаяқтардың қолына түсу қаупін болдырмау үшін маңызды", - деді ведомство.