​Министрлік табысын жариялаған блогерлерге қатысты мәлімет берді

0
317

Қазір шамамен 850 блогерге хабарлама жіберілген.


​Министрлік табысын жариялаған блогерлерге қатысты мәлімет берді

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков табысын ашық көрсеткен блогерлерге қатысты түсінік берді, деп жазады inform.kz.

— Қазір шамамен 850 блогерге хабарлама жіберілді. Оның жартысынан сәл азы, яғни 360-қа жуық блогер өз еркімен 10,5 млрд теңге сомасындағы табысын растады. Төлем 256 млн теңге (салық) болды. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Атап айтқанда, жалпы 850 блогер қамтылған еді, — деді Дәурен Темірбеков Парламент Мәжілісінде 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін талқылаудан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, егер қалғандары салық төлемесе, онда заңнамаға сәйкес тиісті іс-шаралар, яғни мәжбүрлеп өндіріп алу іс-қимылдары жасалады.