МКК Ресеймен шекарада жеңіл көліктер жиналып қалғаны туралы айтты

0
493

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, көліктер кезегі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.


МКК Ресеймен шекарада жеңіл көліктер жиналып қалғаны туралы айтты

ERNUR.KZ. Ресейден Қазақстанға өткізетін пункттерде автокөліктер кезегі байқалады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

"21 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына өтетін жеңіл автокөліктер саны 20 пайызға өсті. Осыған байланысты Қазақстанға кіреберістегі Ресеймен шекараның кейбір учаскелерінде көліктердің жиналуы байқалады", - деді ведомство өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, көліктер кезегі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.