Мобильді операторлар министрлікке ауылдарға интернеттің қосылғаны туралы жалған есеп беріп келген

0
690

Мобильді операторлар Цифрлық даму министрлігін ауылдарға интернет қосылды деп алдап келген.


Мобильді операторлар министрлікке ауылдарға интернеттің қосылғаны туралы жалған есеп беріп келген

ERNUR.KZ. Алайда ауыл тұрғындарында желіге қосылу мүмкіндігі болмаған. Бұл туралы министр Бағдат Мусин айтты, деп жазады Stan.kz.

"Сандарды салыстырып көрейік. 2019 жылы байланыс сапасын 50 рет тексерген, ал 2021 жылы 560 рет тексеріс жүрді. Бақылау функцияларын күшейткен соң операторлар өздері ауылдарда байланыстың жоқ екенін мойындай бастады. 2022 жылы әлі 200 ауылдың желіге қосылмағаны анықталды, алайда провайдерлер өз есептерінде бұл ауылдарда ғаламтордың бар екенін көрсеткен", – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Есеп комитетінің мәліметінше, қазір 900-ге жуық ауылда ғаламторға қосылуда мәселелер байқалған. Олардың басым бөлігі шалғай аймақтарда орналасқан. Цифрлы даму министрлігі тексерісті қатаңдатқан соң провайдерлер шындықты айтқан.

2019 жылы айыппұл мөлшері 15 миллион теңге болса, 2021 жылы провайдерлерге 140 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Енді ведомство мобильді операторларға салынатын айыппұлды 10 есеге көбейтпекші.