Мүгедек такси жүргізушісін алдап, жол ақысын төлемей кеткен бұзақы ұсталды

0
516

Жүргізуші оған шағым жазудан бас тартты.


Мүгедек такси жүргізушісін алдап, жол ақысын төлемей кеткен бұзақы ұсталды

ERNUR.KZ. 22 жастағы жолаушының бұрын да алаяқтық жасағаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Полиция такси жүргізушісіне жол ақысын төлемеген жолаушыны анықтады.

"Интернетте елорда тұрғыны жариялаған видео кең тарады. Ол бейтаныс жігіттің әкесін алдағанын, бизнес-такси қызметіне тапсырыс беріп, қаланы аралағаннан кейін ақшасын төлемей кеткенін баяндаған. Полиция көп ұзамай жолаушыны анықтады. Ол келтірілген залалды толығымен өтеп, кешірім сұрады. Жәбірленуші тарап арыздан бас тартты", - делінген хабарламада.

Yandex go жүргізушінің көлікте болған жайттың бейнежазбасына түсініктеме берді.

"Біздің қолдау қызметіміз жүргізушімен байланысып, тапсырыстың орнын толтырды. Пайдаланушыны міндетті түрде тексереміз", - деді мекеме.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жүргізушінің қызы желіге видеосын жариялап, жұртшылықтан көмек сұраған жаздық.