Мұғалім болғысы келетін талапкерлер саны артып келеді - вице-премьер

0
863

​Биыл мемлекеттік грантқа үміткерлердің 25 пайызы педагогикалық мамандықты таңдаған.


Мұғалім болғысы келетін талапкерлер саны артып келеді - вице-премьер

ERNUR.KZ. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тек биылдың өзінде ғана мемлекеттік грантқа үміткерледің әрбір төртіншісі, сонымен қатар 1,5 мыңнан астам Алтын белгі иегері мұғалім болғысы келді. Естеріңізде болса, осыдан не бәрі 5 жыл бұрын педагогикалық мамандықтарға талапкерлер 50 балмен түссе, бүгінде шекті балл - 111», - деді Тамара Дүйсенова Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның атап өтуінше, бұл мұғалім кәсіби мәртебесінің артып келе жатқанын, педагогикалық корпустың сапалы нығайғанын және қабылданған мемлекеттік іс-шаралардың дұрыстығын білдіреді.

«Білім беру жүйесінде белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған қаражат көлемі тек соғы 5 жылда ғана екі есеге немесе 2-ден 4,5 трлн теңгеге дейін артты. Бүгінде осындай қаражат Қазақстанның білім жүйесіне жұмсалуда. Дегенмен, жаңа жағдай алдымызға жаңа міндеттерді де жүктейтіндігін түсіну қажет», - деді министр.