Мұғалімдер біліктілікті арттыру тестін тапсыра алмады

0
723

200-ден аса мұғалімдер екі сағаттан астам уақытын орталықтың алдында өткізген.


Мұғалімдер біліктілікті арттыру тестін тапсыра алмады

ERNUR.KZ. Алматы қаласында орналасқан Ұлттық тестілеу орталығының филиалынан шу шықты, деп жазады baq.kz.

Еліміздің әр өңірінен келген мұғалімдер ұлттық біліктілікті арттыру тестін тапсыра алмаған. 200-ден аса мұғалімдер екі сағаттан астам уақытын орталықтың алдында өткізген. Ал тестілеу орталығының мамамандары техникалық жағдайларға байланысты тест сенбіге ауысқанын атап өтті.

Таңнан бері орталықтың алдын күзеткен мұғалімдер тестілеу орталығына өз арыз-шағымдарын жеткізді.

Бүгін әр өңірден жиналып, біліктілікті арттыру тестін тапсыруға келдік. Екі сағаттай орталық алдында тұруға мәжбүр болдық. Мұндағы қызметкерлер Астана қаласындағы база ашылмады, сол себептен тест тапсыру мүмкін болмайды деді. Шет жақтан келгендер қайта-қайта сабылмайтынын айтып жатыр. Оларды да түсінуге болады. Мына жерде ең болмаса отыратын жерде жоқ. Аяқтан тік тұрып күтуге мәжбүр болдық, – дейді мұғалімдер.

Тестілеу орталығының мамандары мән-жайды түсіндіріп, тестің сенбіге, яғни 15-і сәуірге ауысу себебін айтты. Сондай-ақ, ұстаздарды сабырға шақырып, техникалық олқылықтардың болуына түсіністікпен қарауын өтінді.

Тест тапсырушының үстінде камера тұрады, оны Астана қаласындағы тест центр орталығы бақылайды. Камераның істемей қалуына байланысты тест тапсыруға Астана қаласынан рұқсат берілмеді. Сол себептен емтихан сенбіге ауысты. Бүгін келген адамдардың барлығы тест тапсырады. Тапсыра алмай қаламын деп қорудың керегі жоқ. Тек, тест тапсыру уақыты өзгерді. 15-і күні таңғы 9.00-ден бастап тест тапсыруға мүмкіндіктері бар, – дейді тест центр орталығының мамандары.