Мұғалімдердің білімін бағалайтын аттестация 10 шілдеде басталады

0
353

Білім мекемесінің педагогтері ПББ-ға 12 айда екі рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы.


Мұғалімдердің білімін бағалайтын аттестация 10 шілдеде басталады

ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы педагогтердің білімін бағалайтын тест қашан өтетінін хабарлады, деп жазады inform.kz.

2024 жылғы 9-12 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында (сондай-ақ UTO қосымшасында) мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылданады.

ПББ-ның өзі 10 шілде-13 тамыз аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санатын өсіретін және растайтын педагогтер (барлығы) қатыса алады.

Білім мекемесінің педагогтері ПББ-ға 12 айда екі рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы.

Толығырақ testcenter.kz сайтының «Педагогтерге» бөлімінде таныса аласыздар.