Мұхтар Тайжан елдегі жүргізушілердің бәрін қайта емтихан тапсыртуды ұсынды

0
654

Қоғам белсендісі жол апатының көбеюіне әсер еткен бірнеше факторды атады.


Мұхтар Тайжан елдегі жүргізушілердің бәрін қайта емтихан тапсыртуды ұсынды

ERNUR.KZ. Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан елдегі көлік жүргізушілерінің бәрін қайта емтихан тапсырту керек деп есептейді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Көлігімді өзім жүргіземін және рөлде отырғанды жақсы көремін. Бірақ, көптен бері мынадай ойға келдім: елдегі жүргізушілердің барлығын - 100% қайта емтихан тапсырту керек. Өзім де оған баруға дайынмын.
Мәселен, кей жүргізушілер (әсіресе жап-жас қыздар мен жігіттер) жол ережелерін білмейді. Қайсысы басты, қай қосалқы жол екенін ажырата алмайды. Трассада қалай жүргізетіні - бөлек әңгіме. Кейде сол жақтағы фарасыз да айдай береді», - деп жазды ол.

Қоғам белсендісі осы жағдайға жеткізген бірнеше факторды атады. Оның ойынша, жол апатының көбеюіне жемқорлық факторы әсер еткен. Одан бөлек, кедейшілік те әсер еткен.

«Көләікті күтіп ұстау үшін ақша керек. Доңғалағы бар, басқасы бар. Көліктердің қымбаттап кеткеніне ЕАЭС пен утильсбор кінәлі. Негізі жүргізушілердің арасында жол ережелерін білу дәрежесі сөзсіз төмендеді. Мен бұны анық байқап жүрмін.
Қалай ойласыздар? Еліміздегі жүргізушілердің барлығын қайта емтиханнан өткізу керек пе? Жемқорлыққа жол бермес үшін емтихан цифрлы және анонимді түрде өтуі керек», - деп ұсыныс білдірді.