Мұхтар Тайжан митингіге шығатын тәртіп сақшыларының маскасыз шығуын ұсынды

0
826

Бұл туралы ішкі істер органдарының дөңгелек үстелінде айтылды.


Мұхтар Тайжан митингіге шығатын тәртіп сақшыларының маскасыз шығуын ұсынды

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан ішкі істер органдарының «Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» атты дөңгелек үстелінде митинг кезінде тәртіп сақшыларының маскасыз шығуы ұсынылды, деп жазады Елорда Инфо.

«Ішкі істер органдарының өкілдері өз ісіне адал болса, жұмыс жүреді. Оның дәлелі - қазір өтіп жатқан митингілер. Сол митингілерде тәртіп сақшылары неге «маска» киіп шығады, жұмысын адал атқаруы үшін халықтың алдына беттерін ашып шықсын. Көшеден адамдарды кім ұстап алып бара жатқанын көрейік. Ол террорлық іс емес, заңды түрде жұмыс істеп жатыр емес пе?», - деді қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан дөңгелек үстелде.

Оның пікірінше, азаматтар нақты заңды бұзған жағдайда ғана жауапкершілікке тартылуы тиіс.

«Айталық 50 шақты адам өз тілек-ниеттерін айтқысы келіп көшеге шықты онда тұрған не бар? Яғни оларды маска киіп алып жетектеп алып кетудің жөні жоқ деп ойлаймын. Оның үстіне Мемлекет басшысы құқық қорғау саласын реформалау керектігін айтты, демек уақыт келді деген сөз», - деді ол.