Мұхтар Тілеуберді екі қызметті қатар атқаратын болды

0
2 497

Мұхтар Тілеуберді бұған дейін сыртқы істер министрі болған.


Мұхтар Тілеуберді екі қызметті қатар атқаратын болды

Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келген Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді бұдан былай сыртқы ведомство басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы" жарлығында айтылған.

Мұхтар Бексенұлы 1968 жылы 30 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

2-сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші.

1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер минстрлігі Азия елдері басқармасының атташесі, үшінші хатшысы.

1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы.

1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы.

2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің кеңесшісі, ҚР істерінің Израильдегі Уақытша сенімді өкілі.

2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.

2004 жылдан бастап ҚР Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2005 жылдан бастап Қазақстанның Индонезиядағы, Бруней Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды.

2009 жылдан бастап ҚР-ның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі және басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі, Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, еліміздің Лихтенштейн кіняздігіндегі және Ватикан мемлекетіндегі дипмиссиясының басшысы міндетін қоса атқарушы.

2016-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

2019 жылғы қыркүйек айынан бері Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келді.