Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, анасымен қауышты

0
302

Блогердің адвокаты Молдахан Әділетхан әншінің анасымен қауышқанын айтты.


Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, анасымен қауышты

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі арқылы танылып, әуесқой әнші атанған Мұрат Әбділда бостандыққа шықты, деп жазады stan.kz.

Блогердің адвокаты Молдахан Әділетхан әншінің анасымен қауышқанын айтты.

“Алматы-Шымкент бағытына ұштық. Мұрат Әблділданы шығарып аламыз”, – деді заңгер жеке парақшасында.

Сонымен қатар желі жұлдызын күтіп алуға анасы мен “Миллион” командасының жігіттері келген.

“Мен – Мұрат Әбділда. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шықтым”, – деді блогер-әнші.

Еске салайық, Қазақстандық блогер Мұрат Әбділда соттан мерзімінен бұрын босатуды сұраған еді.