Тергеу кезіне күдіктінің кінәсі дәләлденсе, бапкер 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Алматы облысында бокс бапкері 16 жастағы оқушыға қол көтерді. Полиция дерегінше, оқыс оқиға Еңбекшіқазақ ауданында 1 апта бұрын болған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Оқиға 1 апта бұрын болғанымен көпшілікке енді ғана жария болды. Оқушыға қол көтерген бапкер қазір қамауда.
Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факт бойынша «орта деңгейдегі қасақана денсаулыққа зақым келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында анық-қанық жағдайлар анықталуда, - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.
Сондай-ақ, тергеу кезіне күдіктінің кінәсі дәләлденсе, бапкер 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Облыстық аурухана дәрігерлері болса жәбірленушінің өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады. Қазір амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген деді.