Мұрнын бұзды: Полицейді ұрған Қарағанды тұрғыны 7 жылға сотталды

0
665

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады.


Мұрнын бұзды: Полицейді ұрған Қарағанды тұрғыны 7 жылға сотталды

ERNUR.KZ. 31 жастағы Қарағанды тұрғыны полицейге күш қолданғаны үшін сотталды, деп жазады kaz.nur.kz.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам мен полиция қызметкерлері арасындағы жанжал осы жылдың сәуір айында болған. Тәртіп сақшылары қарағандылықты қолға түсіріп, оны полиция бөліміне апару үшін үйіне барады. Тұрғын ұрлық ісі бойынша күдікті болған.

Күдіктіні бөлімге жеткізу кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, біреуін соққыға жыққан. Алдымен ол тәртіп сақшысының мұрнын баспен ұрып, содан кейін оған жұдырық сермей бастайды.

Полицейлерге өзге әріптестерін көмекке шақыруға тура келген. Нәтижесінде күдікті бөлімге жеткізілді. Зардап шеккен қызметкердің мұрны сынғаны анықталды.

Ер адам жәбірленуші мен оның әріптесі өзін таныстырмағанын алға тартып, "полицейге жұдырық жаудырғанымды білмедім" деп ақталған. Ол жәбірленуші бірінші болып соққы жасағанын мәлімдейді.

Бұзақыға Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағына сәйкес, "Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған мемлекеттік қызметшіге күш қолдану" бабы бойынша айып тағылды.

Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Сот сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады.