Таңертең бұрғылаушылар екі автобуспен үйге қайтып бара жатқан.
ERNUR.KZ."Қазмұнайгаз құбыр сервис" вахташылары Атырауға қайтып бара жатқанда автобустары мұз астына түсіп кетті, адамдар автобус төбесінде екі сағатқа жуық отырған, деп жазады тengrinews.kz.
Таңертең бұрғылаушылар екі автобуспен үйге қайтып бара жатқан. Олар Жем өзені арқылы өтпек болып, осындай жағдайға тап болды. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің әкімі Асылхан Жұбаналиннің сөзінше, олар қыста осы жолмен жүретін.
"Мұз біртіндеп шытынап, олар өзеннің ортасына жеткенде көлік түсіп кетті. Автобустар суға тола бастады. Адамдар автобустың жоғарғы жағындағы люк арқылы көтеріліп, төбеге шықты. Ер адамдар басшылығына қоңырау шалып, көмек сұрады. Таңғы сағат 8-ден 10-ға дейін 25-ке жуық адам өзен ортасында автобустардың үстінде отырды", - дейді ол.
Жұбаналин ТЖ қызметкерлері мен әкімдік оларға көмектеспегенін айтты, өйткені Жарқамыс аудан орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан.
"Жұмыс беруші арнайы техникамен келіп, адамдарды судан шығуға көмектесті", - деді әкім.
Төтенше жағдайлар департаменті мұнай компанияларын су тасқыны туралы ескерткенін мәлімдеді.
"Вахташыларға ешқайда шықпаңдар деді, олар тыңдамады! Олар көктем келгенін біліп тұрып тік жолмен жүруді ұйғарды. Нақты нұсқаулық болды, барлық ұйымды осындай кезеңнен бастап жүруге болмайтынын жазбаша түрде ескерттік", - деді Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма басшысы Құмар Тұрмағамбетов.