ҚР Ұлттық музейінде «Жұлдызды гид» жобасы аясында танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлері экскурсия жүргізді.
ERNUR.KZ. Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстанда «Музей түні» республикалық акциясы өтті. Акцияға ел бойынша 60 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
ҚР Ұлттық орталық музейінде акцияға қатысушылар «Жанды музей» театрландырылған экскурсиясы барысында тарихи кейіпкерлермен танысып, сирек жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар ашық аспан астындағы концерт, шеберлік сағаттар мен танымдық ойындар өткізілді.
ҚР Ұлттық музейінде «Жұлдызды гид» жобасы аясында танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлері экскурсия жүргізді. Бұдан бөлек, технологиялық шоу көрсетіліп, интерактивті бағдарламалар мен қолөнершілер жәрмеңкесі өтті.
Акция музей-қорықтарда да жалғасып, келушілер үшін интерактивті экскурсиялар, тақырыптық көрмелер, викториналар, этнографиялық және танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар көпшілік ашық аспан астындағы мәдени іс-шаралар мен түнгі экскурсияларға қатысып, ұлттық және археологиялық мұралармен танысты.


