MuzTV-ның бас директоры Арман Дәулетияров телеарнадан кетті

0
2 231

Енді бас директор лауазымына ТНТ MUSIC және А-One телеарнасының бұрынғы бас директоры Захар Бибин тағайындалды.


MuzTV-ның бас директоры Арман Дәулетияров телеарнадан кетті

ERNUR.KZ. MuzTV-ның бас директоры Арман Дәулетияров телеарнадан кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Арман Давлетьяров МУЗ-ТВ-да 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, 2009 жылы арнаның музыкалық директоры және жыл сайынғы музыкалық сыйлықтың директоры болды. Ал бас директор қызметін 2013 жылдан бері атқарып келеді.

"Мен МУЗ-ТВ өзінің алғашқы қадамдарын жасай бастағанда арнада жұмыс істедым. Оның 25 жылының 20-сында бірге болдық, әртістер мен көрермендердің бірнеше буыны бізбен бірге өскеніне қуаныштымын. МУЗ-ТВ-дағы командама адалдығы мен кәсібилігі үшін рақмет. (...) Елу жылдық межеден өткеннен кейін, мен жайлы орыннан шығып, әрі қарай, жаңа мақсаттар мен жетістіктерге жету үшін өзіме қарсы шыққым келетінін түсіндім", - деді Давлетьяров.

Енді бас директор лауазымына ТНТ MUSIC және А-One телеарнасының бұрынғы бас директоры Захар Бибин тағайындалды.

Айта кетейік, 13-ші МУЗ-ТВ ұлттық сыйлығы 2015 жылдың 5 маусымында Қазақстанда "Астана Арена" стадионында өткен. Сол кезде ол алғаш рет Ресейден өзге елге шыққан.

Арман Давлетьяров - этникалық қазақ. Орынбор облысындағы Тамар-Уткуль деген шағын ауылда дүниеге келген. 2001 жылы ол өзінің "Музыкальное единство" атты продюсерлік компаниясын ашқан. А`Studio, "Динамит", Мұрат Насыров, Батырхан Шүкенов сияқты танымал музыкалық топтар мен әртістермен жұмыс істеген.