Мыңдаған қазақстандық халықаралық іздеуде жүр - Бас прокуратура

0
190

Олардың жүрген жерін анықтаған бойда экстрадиция шаралары қолға алынады.


Мыңдаған қазақстандық халықаралық іздеуде жүр - Бас прокуратура

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Бас прокуратура іздеуде жүрген қазақстандықтардың санын жариялады , деп жазады sputnik.kz.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, мыңнан астам қазақстандық мемлекетаралық іздеуде жүр.
"Қазіргі кезде бізде шамамен 1 500 адам мемлекетаралық іздеуде жүр. Олар бойынша тынымсыз жұмыс атқарылып жатыр. Интерпол арқылы олардың жүрген жерін анықтаған бойда экстрадиция шаралары қолға алынады. Экстрадиция да оңай шаруа емес, оған да белгілі бір уақыт кетеді", - деді Қойгелдиев сенатта өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, экстрадиция шараларына бюджеттен ақша бөлінеді. Бірақ артынан сотталған адамның есебінен өтеледі.
Айта кетері, соңғы рет мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы - Арғын Нығматулинге іздеу жариялаған болатын. Одан бөлек, LRT-ның экс-басшысы Талғат Ардан мен әкімнің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков ұсталмай жүр. Оларға да Интерпол арқылы іздеу жарияланған болатын.