"Мыңнан астам жағдай тіркелді": Африкада маймыл шешегінен өлім-жітім көбейіп жатыр

0
289

Жергілікті билікті Африка континентіндегі 55 елдің 18-іне қауіп төндіретін індеттерді ауыздықтауда қиын міндет күтіп тұр.


Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Африкада маймыл шешегінен қайтыс болғандар саны мыңнан асты. Аурудың трансшекара арқылы таралу қаупі жоғары, деп жазады stan.kz.

AP басылымының мәліметінше, Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының бас директоры Жан Касея соңғы аптада маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болып, жалпы 1100-ге жуық жағдай тіркелді. Жергілікті билікті Африка континентіндегі 55 елдің 18-іне қауіп төндіретін індеттерді ауыздықтауда қиын міндет күтіп тұр.

Касея Африкадағы эпидемиялық жағдайдың шұғыл әрекет етпесе бақылаудан шығып кететінін атап өтті. Сондай-ақ ол халықаралық серіктестерді Африканы қолдауға қатысты берген уәделерін орындауға шақырды.