Мырзағалиев 21 жастағы жігіттің инспектор болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

0
2 077

Ол үш кезеңді конкурс қорытындысы бойынша анықталған - дейді министр.


Мырзағалиев 21 жастағы жігіттің инспектор болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен онлайн брифингте Теміртауда 21 жастағы жігіттің экология инспекторы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ол агроном дипломы бар маманның түйіндемесін тексеруге уәде берді, деп жазады nur.kz.


"Оның жасы 21-де екенін ескерсек, бұл жаман деп ойламаймын. Жастықтың жалыны мен ұшқырлық жұмыста көмектеседі деген ойдамын.

Иә, тәжірибесі жеткіліксіз болуы мүмкін, бірақ ол уақытпен келетін нәрсе. Оған қоса, оны ол жақта ешкім жалғыз қалдырып жатқан жоқ. Теміртаудың мәселесі - бұл жас жігіттің немесе министрліктің мәселесі емес. Бұл барлығы білетін мәселе. Кез келген тұрғынға қатысты. Экологиялық жағдайды шешу үшін барлығымыз жұмыс істеуміз керек", - дейді Мағзұм Мырзағалиев.


Ол 21 жастағы инспектор бұл қызметке барлық талап бойынша сәйкес келгенін атап өтті.

Жас қызметкердің міндеттеріне 3-4 жыл ішінде шығарындыларды 30 пайызға төмендету туралы "АрселорМиттал Теміртау" келісімінің орындалуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ қоғаммен жұмыс істеу кіреді.


"Ол үш кезеңді конкурс қорытындысы бойынша анықталған. Бұл жігітті танымаймын, түйіндемесін көрмедім, қазір жұмысқа барып, оның жұмыс тәжірибесін қараймын", - дейді министр.