Науқастың соққысынан кейін комаға түскен қостанайлық дәрігер есін жинады

0
123

Ол жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылған.


Науқастың соққысынан кейін комаға түскен қостанайлық дәрігер есін жинады

Фото: instagram.com/nashkostanay

ERNUR.KZ. Соққыға жығылған Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері Антон Кистанов қазір Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында емделіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Instagram-дағы Nashkostanay парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, дәрігер ұлттық орталыққа жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежедегі жарақаты, ми жартышарының оң жағында субдуралдық қан құйылу, қарақұстың жабық сызықтық сынуы диагноздарымен жеткізілген.

"Бүгінде науқастың жағдайы оңалып келеді. Науқас есін біледі, байланысқа түседі, бағдарлай алады. Бас миының ауыр жарақаты бойынша диагностикалық хаттамаларға сәйкес дәрілік ем тағайындалды", – делінген хабарламада.