Қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталды.
«Наурыз мейрамы» кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қосымша поездар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
-№201/202 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді, кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;
-№203/204 «Астана-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 19, 22, 25 наурызда сағат 22:52-де келеді, кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;
-№205/206 «Ақтөбе-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді, кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.
Сонымен қатар, Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 237 қосымша вагон қосылады.
Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:
- №45/46 «Павлодар-Түркістан» жолаушылар пойызына 20, 25 наурыз аралығында;
- №139/140 «Павлодар-Пресногорьковская» жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;
- №354/353 «Астана-Семей» жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;
- №623/624 «Астана-Петропавл» жолаушылар пойызына 20, 24 наурыз аралығында.
Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:
- №22/21 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;
- №24/23 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 21, 25 наурыз аралығында;
- №34/33 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;
- №37/38 «Маңғыстау-Семей» жолаушылар пойызы 22, 24 наурыз аралығында;
- №47/48 «Атырау-Астана» жолаушылар пойызы 21, 23 наурыз аралығында;
- №313/314 «Маңғыстау-Атырау» жолаушылар пойызы 20, 23 наурыз аралығында;
- №614/613 «Орал-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;
- №692/691 «Ақтөбе-Атырау» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында.
Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:
- №87/88 «Алматы-Сарыағаш» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;
- №77/78 «Алматы-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;
- №351/352 «Алматы-Өскемен» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;
- №21/22 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында.
Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша қосымша электр пойыздары қосылады:
- №7509 «Павлодар-Астана» электр пойызы бір бағытта 10, 24 наурыз;
- №7510 «Астана-Павлодар» электр пойызы бір бағытта 20, 21 наурыз;
- №6805/6806 «Астана-Көкшетау» электр пойызы 20, 25 наурыз;
- №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты» электр пойызы 21 наурыз.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталды. Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.