"Жолаушылар тасымалы" АҚ қазақстандықтар үшін 35 мың қосымша орын ұсынады.
фото: пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
ERNUR.KZ. Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда қосымша үш пойыз іске қосылады. Бұл 35 мың қосымша орын ашуға мүмкіндік береді, деп жазады sputnik.kz.
Пойызбен жолаушылайтындар саны күрт артқан. Сондықтан Наурыз мейрамы кезеңінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды.
"Сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізіледі. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады", - дейді министрлік.
Мереке күндерінде билет қолжетімді болады.
Қосымша пойыздар қозғалысы:
№201/202 "Алматы-2 – Астана-1"
Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы — 6 рейс болады.
№204/203 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"
Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы — 8 рейс.
№205/206 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"
Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы — 6 рейс болады.
Билет bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының кассаларында сатылады.
Анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.


