Шарлапаев мемлекет әлеуметтік бағдарламалар аясында бағаның жоғарғы шегін бақылауда ұстайтынын айтып сендірді.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың сөзінше, мемлекет әлеуметтік тұрғын үй бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Біз мұнда «Наурыз», «Отау», сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламалары туралы сөз қозғап отырмыз. Мемлекет бағаның жоғарғы шегін қатаң бақылайтын болады. Алдағы жылы баға өзгерісі болмайды. Оның үстіне 70 пайыз базалық құрылыс материалдары өз елімізде өндіріледі. Осы ретте әлеуметтік бағдарламалар аясында бағаның жоғарғы шегін бақылауда ұстау мүмкіндігі бар. Жеке үйлерге келер болсақ, нарықта әркімнің таңдауына орай әртүрлі бағада үйлер бар. Бұл жерде нарық заңы жұмыс істейді, сондықтан кейбір сегментте баға өзгерісі болуы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз», - деп жауап берді министр.
Осыған дейін, премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров доллар бағамының күрт өсуіне байланысты баспана қымбаттауы мүмкін екенін айтқан болатын.