​Назарбаев "7-20-25" бағдарламасы жайында: Ешкім қаламайды ма әлде талаптар қалатпайды ма?

0
2 016

Біз дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқпыз. Үкімет қол қусырып отыр. Бақытжан, әкімдер не қарап отырсыңдар? Барлық әкімдерге айтамын, не керек тағы сендерге? Халықтың жағдайын жақсарту үшін, тағы не керек сендерге? Бәрін бердік қой.


​Назарбаев

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында адамдарға жайлы өмірге не қажет екендігі жайында тақырып көтерді, деп жазады Zakon.kz.

Бүгінгі күні құрылыс қарқының арттырған "Нұрлы жер" бағдарламасын сәтті жүзеге асырып отырмыз. Онымен қатар, жаңа ипотека арқылы баспаналы болуға мүмкіндік беретін, «7-20-25» әлеуметттік бағдарламасын қолға алдық, - деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жақсы бағдарлама екенің алға тартып, отбасында екі жұмыс істейтін адам кедергісіз ипотека алып, несиені жабатының айтты. Жалпы мөлшерлеме - 7%, банк пен құрылыс жүргізгендерге қалғаның мемлекет өтейді.

Бастапқы кезеңде алғашқы мөлшерлеме 50 пайыз болатын, қазір 20 пайызды құрайды. Егер бұған дейін қарызды 10 жылда қайтару керек болса, қазір бұған 25 жыл беріледі. Дегенмен бұл қалай жүзеге асады? Осы маңызды болып тұр. Әлі дұрыс іске қосылмады, президент ескертіп айтты дейді, бірақ іс жүзінде ештене дайын емес. Қазір қанша өтінім бар, кім біледі? - деп сұрақ қойды Елбасы бағдарламаға жауаптыларға.

Бүгінгі күні бағдарлама бойынша 2 мың өтінім мақұлданған. Елбасыны мұндай аз цифра таңқалдырды.

Ешкім қаламайды ма әлде талаптар сондай ма? Банктер таба алмай жатыр ма? Қанекей анықтап көрелік. Бағдарлама таныстырылды, енді банктерге не керек? Ақша болса, ол мәселе шешілген, 7 пайыз, қалғаның мемлекет өтейді, әлде алғашқы 20 пайыз қажетті қаражатты таба алмай жатыр ма? Жас отбасы үшін бір бөлмелі пәтер неше тұрады? Арзандатылған ба? Шамамен 50 квадрат метр болатын. 7 миллиондай тұрса, 1,4 миллион теңгені адам өтей алады ғой? Қалғаның 25 жылға созсақ. Біз дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқпыз. Үкімет қол қусырып отыр. Бақытжан, әкімдер не қарап отырсыңдар? Барлық әкімдерге айтамын, не керек тағы сендерге? Халықтың жағдайын жақсарту үшін, тағы не керек сендерге? Бәрін бердік қой, - деп қадап айтты Президент.

Барлық әкімдерге ескертемін, бұл сендердің жұмыс деңгейлерінді көрсетеді. Нәтиже жоқ болса, 2019 жылға осы қызметте қалар қалмастарын екі талай. Исекешов Астананы басқарғанда, жергілікті бюджеттен ішінара субсидия бөліп отырған. Айтшы мұны қалай жүзеге асырдың? Бұл дегеніміз мұғалімдер мен полицияға, жалпы қажет деген адамға көмек көрсетету, - деді Назарбаев.