​Назарбаев университетінде 73 млрд теңгенің тиімсіз игерілгені анықталды

0
181

Аудит қорытындысы университет басшылығы мен үкіметке жолданған.


​Назарбаев университетінде 73 млрд теңгенің тиімсіз игерілгені анықталды

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

ERNUR.KZ. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжіліс отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Назарбаев университетінің жұмысына жүргізілген аудиттің алдын ала қортындысын мәлім етті, деп жазады inform.kz.

- Бірқатар проблема мен кемшілікті анықтадық. Біріншісі – Назарбаев университетінің әлі күнге дейін бюджет қаражатына тәуелді болып келе жатқаны. Ал оқу орнын дамытудың стратегиялық құжатында университет сыртқы қаражат көздерінің есебінен республикалық бюджет қаржысына тәуелділіктен кету керек болған. Универсиетке беріліп отырған теңдессіз мәртебе мен салық жеңілдіктеріне, қолдау тетіктеріне қарамастан қаражатының 97 пайызын республикалық бюджеттен алып отыр. Тағы бір кемшілігі – қолданыстағы заңнамада университеттің қаржылық есебін жариялауы қарастырылмаған. Бұл университет жұмысының ашықтығына кедергі келтіреді, - деді Әлихан Смайылов.

Палата басшысының сөзінше университет мемлекет қаражатын соншалықты тиімді игеріп отырған жоқ.
- Аудит қорытындысы бойынша университет 73 млрд теңгені тиімсіз жоспарлап, игергені анықталды. Сондай-ақ жарты миллиард теңгенің қаржылық заң бұзу фактісі белгілі болды, - деді Ә.Смайылов.
Оның сөзінше университеттің стратегиялық серіктестерінің тізімінде тауарлар мен қызметтер ұсынатын компаниялардың үлесі басым екені әшкере болған. Бұл тауарлар мен қызмет жеткізушілерді конкурссыз-ақ, бір көзден сатып алу арқылы іріктеуге жол ашқан.
Аудит қорытындысы университет басшылығы мен үкіметке жолданған.