Назарбаев Университетінің академиялық дербестігіне араласпаймыз - Саясат Нұрбек

0
754

Жақын арада ЖОО-ның жаңа президенті тағайындалатынын айтты.


Назарбаев Университетінің академиялық дербестігіне араласпаймыз - Саясат Нұрбек

ERNUR.KZ. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің әлеуетін көтеруге назар аударып отырғанын айтты, деп жазады inform.kz.

«Қазіргі кезде Үкімет, министрлік Назарбаев Университетінің әлеуетін сақтап қалуға назар аударып отыр. Бұл тұрғыда академиялық дербестіктікті сақтап қалу үшін тиісті іс-шаралар атқарылып келеді. Біріншіден, Назарбаев Университетін қаржыландыру мен академиялық бағытында Үкімет жағынан ешқандай шектеу болмайды. Екіншіден, қазір оқу орнының жаңа президентін іріктеу процесі жалғасып жатыр. Жеке өзім бірнеше кандидатпен сөйлестім. Қазір Әбу-Даби университетінде, Канада, АҚШ және Ұлтыбританияның жоғары оқу орындарында қызмет еткен мықты мамандар өтініш тапсырып жатыр», - деді С. Нұрбек Үкімет отырысынан кейін болған баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда жақын арада ЖОО-ның жаңа президенті тағайындалатынын айтты.

«Біздің мақсатымыз – аталған университеттің әлеуетін көтеру. Зерттеуші форматына екпін қойылады. Бірнеше тиімсіз бағыттар жабылуы мүмкін, бірақ негізгі қолдау ешқашан өзгермейді. Назарбаев Университеті - толыққанды зерттеуші әрі халықаралық стандарттарға сай оқу орны», - деді министр.