​Назарбаев жастар жылы туралы жарлыққа қол қойды

0
2 453

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.


​Назарбаев жастар жылы туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті 2019 жылды жастар жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жыл жастар жылы болып жарияланды.

- Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін, - делінген хабарламада.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.