Президент Астана қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады
ERNUR.KZ. Ақорданың сайтында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, - деп жазады Tengrinews.
Қазақстан Президенті биылғы 8 қарашада Астана қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.
Келесі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу үшін Петропавл қаласына барады.