Бұған дейін желіде елордада Назарбаевтың ескерткіші орнатылатын орынның анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қойылатын монумент жобасы елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөліміне түскен жоқ, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беру рәсімі кезінде Елбасының құрметіне ескерткіш тұрғызуды ұсынған болатын.
"Елбасы – ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне монумент немесе ескерткіш орнату жобасы түскен жоқ", - деп жауап берді басқарма агенттіктің ресми сауалына.
Таяуда БАҚ елордада Елбасы мүсінін Е.129 көшесінде орнату жоспарланып отырғанын хабарлады. "Бәйтерек" елорда құрылысшылары одағы бұл ақпаратты теріске шығарды.
"Шын мәнінде, бұл учаскеде сәулетшілер мен құрылысшыларға ескерткіш орнату жұмыстары жоспарланған", - деді бірлестік басшысы Жамбыл Мелдебай.
Қазақстанның өңірлеріндегі басты көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген. 2019 жылдың наурызында республика астанасының атауы Елбасының құрметіне Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгертілді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Талдықорғанда, Алматы облысының Үшқоңыр ауылында монумент қойылған. Ескерткіш шетелдегі бірнеше қалада орнатылды – Гагаузия (Молдова), Шолпан-Ата (Қырғызстан), Комрат (Молдова), Анкара (Түркия).