Нобель сыйлығының иегері Мо Янь Қазақстанға келіп дәріс оқиды

0
109

Бұл – оның елімізге алғашқы сапары.


Нобель сыйлығының иегері Мо Янь Қазақстанға келіп дәріс оқиды

Фото: lgz.ru

ERNUR.KZ. Әлемге әйгілі қытай жазушысы, әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янь Қазақстанға келгелі отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Жазушы ҚР Мәдениет ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен 22 маусым күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бас ғимаратында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас қаламгерлерге шеберлік дәрісін оқиды.

Шығармалары әлем оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген Мо Янмен бірге Қытай Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, жазушы, аудармашы Әкбар Мәжит, Бейжің Тіл және Мәдениет университетінің профессоры, ғалым Лю Шицинь Қазақстанға ат басын бұрады.

Аталған шаралар 2024 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық әріптестігі аясында жыл сайын өткізіліп келе жатқан "Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі" курсының аясында жүзеге асады.