Нұр-Сұлтан – Алматы әуе рейстерінде электронды құжатпен ұшуға болады

0
1 559

Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады.


Нұр-Сұлтан – Алматы әуе рейстерінде электронды құжатпен ұшуға болады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстерге енді цифрлық құжаттарды пайдалануға болады, деп жазады Stan.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, азаматтардың цифрлық құжаты пилоттық жобасы Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе рейстерінде жүзеге асырыла бастады.

Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады.

Дегенмен, жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн. Өйткені, пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болады.

EgovMobile-дағы "цифрлық құжаттар" қызметімен генерацияланған QR-code есептеу бойынша "Е-document" бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп әзірленді.

Жоба Мемлекет басшысының жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді.

Айта кетсек, аталған пилоттық жоба ҚР Цифрлық даму министрлігі, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп, "Air Astana" әуе компаниясының әуе рейстерінде қолданылады.