Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлаған.
ERNUR.KZ. 300 мың теңге пара алғаны үшін бұрынғы полиция қызметкерлері 18 миллион теңге көлемінде айыппұлға тартылды, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы бүгін елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қызметкерлерінің полиция департаменті мен Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою туралы кездесуі барысында айтылды.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Есіл аудандық полиция басқармасы полиция бөлмінің қызметкерлері Смайылов пен Қосмұратов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі, 2-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 60 еселенген айыппұл салынып, 18 миллион теңге төлейтін болды. Мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар, Қосмұратов «полиция аға лейтенанты» арнайы атағынан, Смаилов «полиция капитаны» арнайы атағынан айырылды. Отырыс барысында агенттік жұмысының негізгі бағыттары, мемлекеттік органдарға қоғамдық сенім мен адалдықты қалыптастыруға бағытталған қолданылатын алдын-алу шаралары түсіндірілді.