Нұр-Сұлтанда алғаш рет ауқымды кітап фестивалі өтеді

0
1 011

Фестиваль елордалық кітапсүйер қауымды қуантпақ.


Нұр-Сұлтанда алғаш рет ауқымды кітап фестивалі өтеді

ERNUR.KZ. Тұңғыш рет Нұр-Сұлтанда ең ауқымды «KITAP FEST - 2019» кітап фестивалі өтеді, деп жазады Елорда Инфо.

Фестивальді «BAURZHAN» жеке қоры, «ABAYbooks» баспа үйі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қолдауымен ұйымдастырады.

«KITAP FEST» кітап фестивалі Алматы қаласында 5 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында фестиваль шағын кітап алмасу дәстүрінен қаланың ауқымды мәдени-танымдық іс-шарасына айналып, халықтың ықыласына бөленіп үлгерді.

Жыл сайын кітап фестивалі мыңдаған кітапсүйер қауымды, талантты ақын-жазушылар мен табысты блогерлерді, қоғам қайраткерлері мен белсенділерінің басын біріктіреді.

5 жыл ішінде «KITAP FEST» алаңында авторлар мен баспа үйлерінің қатысуымен 130-дан астам кітаптың таныстырылымы өтті, қонақтарға 20 мыңға жуық кітап сыйланды, 70-тен аса кітап дүкені жәрмеңкеге қатысып, 45 блогер өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті.

Тұңғыш рет өтетін фестиваль Нұр-Сұлтан қаласының кітапсүйер қауымын қуантпақ.

«KITAP FEST» фестивалі 25 тамыз күні сағат 10:00-19:00 аралығында Арбатта (Есіл өзенінің жағалауы) өтеді.