Жәрмеңке елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда және халыққа қызмет көрсету орталығының іргелес аумағында (Сауран көшесі, 7) өтеді.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелерінің маусымы басталады. Онда өз өнімдерін жергілікті фермерлер жексенбі күні ұсынады, деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.
21 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті құны нарықтықтағыдан 10%-ға төмен бағамен сатып ала алады», - делінген қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында.
Жәрмеңке елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда және халыққа қызмет көрсету орталығының іргелес аумағында (Сауран көшесі, 7) өтеді.
Қосымша ақпаратты инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан алуға болады, 113 кабинет, тел.: 55-69-78, 55-68-99.