37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда ер адам полицей мен Ұлттық гвардияның әскери қызметкерін тістеп алды, деп жазады тengrinews.kz.
Полицейлердің мәліметінше, мобильді патруль қала көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Момышұлы даңғылында патрульдік көлік карантин ережесін бұзған және полицейлерге ескерту жасаған ер адамды байқаған..
"Тәртіп сақшылары ер адамға карантин ережесін бұзбай, үйге баруын сұраған. Алайда ер адам өзін агрессив ұстаған. Патрульдік көліктегі қызметкерлерге шабуылдап, аяғымен ұрып-соғып, әскери қызметкердің құлағы мен қолын тістеп алған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жаты.
37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.