Әйел өзінің сыртқы келбеті ер адамға ұқсастығын пайдаланып, қылмыс жасаған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда өзін еркек ретінде таныстырып, зейнеткерді алдап соққан келіншек алаяқтық күдігімен ұсталды, деп жазады zakon.kz.
Өзін еркек ретінде таныстырған әйел көшедегі адамдардан қоңырау шалу үшін телефондарын беруін сұраған, ал телефон қолына тигенде ол тайып отыратын болған. Өзінің сыртқы келбеті ер адамға ұқсастығын пайдаланып, қылмыс жасаған әйел осылайша жасырынбақ болған. Ол ұрланған ұялы телефондарды кездейсоқ адамдарға нарықтық бағадан төмен бағамен сатқан, - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.
25 шілдеде сауда үйінің сыртында күдікті қарт әйелге жақындап, телефонын сұрады. Телефонды қолына алған бойда, ол белгісіз бағытқа қаша жөнелді. Зейнеткер ұрлықтан келген шығынды 30 мың теңгеге бағалады.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының (Алаяқтық) 4 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның республика аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Елордалық полиция осы адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, Бейбітшілік көшесі, 19 үй - мекен-жайы бойынша Нұр-Сұлтан полиция бөліміне немесе 8 (7172) 71-61-51; 71-60-69, 8-702-500-97-29 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.