Көрмеге 80-нен астам компания мен 2000-нан астам сала мамандары қатысуда.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда V Халықаралық қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс көрме-конференциясы ашылды, деп жазады Елорда Инфо.
Бұл көрме Қазақстан мен Орта Азиядағы қауіпсіздік саласындағы ең ірі мамандандырылған шара, оған 80-нен астам компания мен 2000-нан астам сала мамандары қатысуда.
Көрмеге заманауи жабдықтар, қауіпсіздіктің барлық аспектілері бойынша шешімдер ұсынылды. Әрбір саладағы мамандар өндірістік, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарды түрлі қауіп-қатерлерден қорғаудың соңғы оқиғаларымен танысуға мүмкіндік алды.